3 күндік оффлайн тренингі
Алматы
26-27-28 маусым
~ 15 қатысушы
Құлан Мектепбергеннің
Ескіше жұмыс жасамайды, жаңаша қалай жасау керек екенін білмейсің. Оны өзің де сезіп жүрсің ғой. Ескі жұмыс істемесе де, сен оны әлі ұстап тұрсың. Ол сені шаршатты.
Ескі терісін тастамаған жылан өледі. Мүмкін жаңаға ашылатын кез келді?!
әрбір қатысушы
нәтижеге жетуі үшін
Бұл 3 күндік оффлайн тренинг ортада бір спикер шығып, тек сол беретін теорияны тыңдаумен ғана шектелетін АҚПАРАТТЫҚ бағыт яғни семинар, курс, лекция емес және басқа өнімдердің сатылымын жасауға арналған шара емес!

Бұл оффлайн тренинг методикасы топтық практикалық жұмыстарға негізделгендіктен, сенің тікелей қатысуыңды талап етеді. Біз топтық практикада қатысушылардың өмірлерін өзгертетін мүлдем жаңа шешімдер қабылдауына мүмкіндіктер ашылатын кеңістік жасаймыз. Ол кеңістіктегі |




Маңызды!
Тренинг қалай өтеді:
Біз 3 күнде мобильді телефондарыңды жинап алып, үйреніп қалған күйбең тіршілік өмірден шығуға жағдай жасаймыз.
Ол қауіпсіз кеңістік
Тренингтің әрбір қатысушысы ол жерде болатын оқиғаны сыртқа шығармайтыны жайлы келісім шартқа қол қояды. Содан кейін өзің жайлы шындықпен кездесесің.
Келісім шарт
Күлесің, жылайсың, қуанасың, жыңданасың, түсінбейсің, ыңғайсыз жағдайларға тап боласың, түсінгендей боласың, сосын тағы мүлдем түсінбей “не болып жатыр мұнда” деген реакция болуы мүмкін.
Әртүрлі реакциялар байқалады
Бірақ тренингте болып жатқан жағдайлар - өміріңнің мини версиясы. Оны мойындау, өзгерту өз таңдауыңда.
Шыны керек, тренингте не болатынын ешқандай текст, ешқандай адам түсіндіре алмайды. Оны шынайы қатысып, сезіну арқылы жаңаға жол ашасың.
Қашып кеткің келеді.
Бұл тренинг сен үшін, егер…
Маған бәрі түсінікті, бірақ өмірімде ештеңе өзгермейді
Кітап оқисың. Курс өтесің. Подкаст тыңдайсың. Бәрі дұрыс, бәрі түсінікті. Бірақ сол ескі өмір, сол ескі өзің.
01
Жұмысым бар, табысым бар, бірақ бұл мен қалаған өмір емес
Сырттан қарағанда бәрі жақсы. Бірақ кешке жастыққа басыңды қойғанда бір нәрсе мазалайды. Тек не екенін айта алмайсың.
02
Бизнесім бар, бірақ мен шын мәнінде кіммін, не үшін жасап жүрмін?
Клиент бар, айналым бар, команда бар. Бірақ таңертең оянғанда от жоқ. Неге жасап жатқаныңды ұмытып қалдың. Бизнесің өсіп жатыр, бірақ ішің бос
03
Қарызға кірдім, дноға түстім, енді қайта қалай бастарымды білмеймін
Бизнес сәтсіз болды. Немесе өмір өзі солай болды. Қарыз бар, сенім жоқ, жол көрінбейді.
05
Өзімді-өзім тоқтатып жүрмін, неліктен екенін түсінбеймін
Мүмкіндік келеді, бірақ қорқасың. Идея туады, бірақ сенбейсің. Бір нәрсе ұнайды, оған "менің қолымнан келмейді" дейсің. Кім сені тоқтатып тұр? Өзің.
06
Бәрін тастап жаңадан бастағым келеді, бірақ қорқамын
Қысқасы, ішіңде сені басқарып тұрған ескімен қоштасып, жаңаға ашылғың келсе “Жаңаға ашылу” оффлайн тренингіне кел
Ескі жұмысты, ескі кәсіпті, ескі өмірді - ішің қабылдамайды. Жаңасын бастағың келеді. Бірақ не жоғалтатыныңды ойлайсың. Қимайсың. Тұрақтылық кетеді деп қорқасың. Адамдар не дейді деп ойлайсың. Және... қалып қоясың.
07
Өзімнің аутентичный жолым қайда, білмеймін
Басқалар айтқан бизнесте жүрсің. Басқалар күткен рөлді ойнап жүрсің. Бір кезде "бұл мен емес" деп сездің, бірақ "мен кіммін" деген сұраққа жауап таба алмай жүрсің.
04
Тренингті кім жүргізеді?
Мен, Құлан Мектепберген.
Бұл салаға жай келгенім жоқ. Өмірдің өзі алып келді:)

Бала кезімнен өмірге сұрағым көп. Тып-тыныш ел қатарлы өмір сүре алмадым. Мен өзгешелеу едім. Жұрттың баласы боламын деп, жақсы оқыдық. Кәсіп жасадық, ақша таптық. Ол ақшаны дүниеге жараттық. Шаштық. Қыдырдық. Осылармен іштегі қуысты жабуға тырысқанымды білгенде, әлемім тас талқан болды.

Ескіше біреуге көрсетемін, дәлелдеймін деген кетті. Енді жаңаша қалай қимылдаймын? Жаңаның жаңа екенін қалай білемін? Сонда мені ескі басқарып тұр ма?

Осы сұрақтармен 3 жылдай уақыт өтіп кетіпті. Жабылдым. Көп оқыдым. Шыр айналып ана психологқа, ана коучқа, ана тренингке бара бердім. Жаңаға ашылу оп оңай сияқты көрінеді. Бірақ ескінің сені басқарып тұрғанын көрмесең, сол ескіге қайта қайта келе береді екенсің.

Бұл тақырыпты терең зерттеп, жеке және топтық сессиялар өткізіп келемін. Мәскеу психоанализ институтының нейрокоуч, нейропсихолог мамандығын бітіріп, диплом алдым. Қазіргі уақытта да үздіксіз біліктілігімді арттырып келемін.

Маған жауапкершілік, таңдау, өз сөзіңде бола алу, құндылықтар, ішкі тыныштық және адамның өз өмірін қайта жаңадан өз болмысымен құра алатыны туралы идеялар жақын.

Егер саған да бұл идеялар жақын болса, тренингте кездескенше!
Жаңаға ашылу үшін, құнын төлеуге дайынсың ба?
Бұл тренингке қатысу үшін онлайн іріктеуден өту керек.

Іріктеу шамамен 20 минут уақыт алады. Бұл жерде тренинг сізге сай келетінін немесе келмейтінін бірге анықтаймыз.

Іріктеу тегін.

Анкетаны толтырып, менеджерден кері байланыс күтіңіз.
100 000 ₸
3 күндік тренингке қатысу
жұмыс дәптері
телеграмдағы жабық чатқа қосылу
Сұрақ-жауап:
Made on
Tilda